Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:28

14 жасында чемпион

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиада чемпионы болу – әр спорт­шының арманы. Кейде сол арман­ға мектеп жасындағы жасөспірім­дер де қол жеткізеді. 2024 жылғы Па­риж Олимпиадасында аустралия­лық скейт­бордшы Ариса Трю небәрі 14 жа­сында әйелдер ара­сындағы «парк-скейт­бординг» сайысында алтын медаль жеңіп алды.

14 жасында чемпион

Сурет ашық дереккөзден алынды

Бұл жарыс арнайы жасалған алаңда өте­ді. Яғни оның ішінде иілген қабырғалар, шұң­қырлы бөліктер, түрлі төбешіктер бар. Спорт­­шы сол жерлерге екпіндеп келіп, биік­ке көтеріледі де, түрлі қимыл жасап қай­та қонады. Әуелде көбі Ариса Трюді «бала ғой» деп менсіне қоймап еді. Бірақ «еле­­­меген шыбық көз шығарады» емес пе? Фи­нал­да жасөспірім қыз жарқ етіп шығып, жа­сын­дай жарқырады. Осылайша, 14 жас­тағы оқушының өзі мықтылар тізімінде көш бастады.

 

Соңғы жаңалықтар