Оқиға • Бүгін, 15:18

Солтүстік Қазақстанда екі әйел түтіннің иісінен тұншығып қала жаздады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Ғ. Мүсірепов ауданының орталығында алты пәтерлік үйде тұратын екі әйел жылуды сақтаймыз деп пештің ұңғысын ерте жапқаннан түтіннің иісіне тұншығып, өліп қала жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда екі әйел түтіннің иісінен тұншығып қала жаздады

Фото: istockphoto.com

Ажал аузынан қалған 86 және 55 жастағы тұрғындарды көршілері құтқарып қалды. Қазіргі таңда зардап шеккендер ауруханада, олардың жағдайы тұрақты.

Бұған дейін Ақтөбеде әйел мен үш бала газдан уланып қаза тапты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұмдар газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан уланып қаза тапқан. Алайда оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар