Зардап шеккен баланың туыстары көліктің ішінде 11-сыныптың бес оқушысы болғанын айтты. Олардың бірі апат орнынан көлікті жасыру үшін кетіп қалған.
Жоғары сынып оқушылары баланы шамамен 30-40 минут ұстап отырған. Олар оны қорқытып, болған жайт туралы ешкімге айтпауды талап еткен. Кейін жасөспірімдер зардап шеккен баланы мектепке әкеліп, мұғалімге оны мопед қағып кеткенін айтқан.
Жол апаты туралы хабарлама түскеннен кейін полицейлер жүргізушіні анықтап, ұстау бойынша жедел шаралар қабылдаған.
«Аталған факті бойынша JAC көлігін басқарған кәмелетке толмаған жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар оның ата-анасына екі бап бойынша әкімшілік шара қолданылды», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Түпкілікті процессуалдық шешім медициналық қорытынды мен зардап шеккен баланың ауруханадан шыққаннан кейін қабылданады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда жүргізуші куәлігі жоқ адам басқарған көлік әйелді қағып кетіп, ол оқиға орнында қаза болған еді.