Оқиға • Кеше

Енді Қазақстан азаматтары Таиландта ұзақ уақыт бола алмауы мүмкін

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд билігі шетелдік туристер үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл өзгеріс қабылданса, елге ұзақ мерзімге барып қыстайтын Қазақстан азаматтарына да жаңа талаптарға бейімделуге тура келеді, деп жазады Egemen.kz.

Енді Қазақстан азаматтары Таиландта ұзақ уақыт бола алмауы мүмкін

Фото: magnific.com

Таиланд Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға визасыз режимді мақсатсыз пайдаланған жағдайлар себеп болған. Атап айтқанда, кейбір шетел азаматтары елге турист ретінде кіріп, заңсыз жұмыс істеумен және өзге де рұқсат етілмеген әрекеттермен айналысқан.

Санавиация Таиландта комадан оянған қазақстандықты елге алып келуден бас тартты

Ведомство басшылығының пікірінше, 60 күндік мерзім кәдімгі туристік сапар үшін тым ұзақ. Сондықтан үкімет визалық саясатты қатаңдатып, оны ашық әрі бақылауға ыңғайлы етуге ниетті.

Таиландта аударылған катердің ішінде 8 Қазақстан азаматы болған

 

Соңғы жаңалықтар