Бүгінде Аманқарағай вокзалы өз жұмысын қайта бастады. Күрделі жөндеу жұмысы барысында вокзал ғимаратының іші кеңейтіліп, инженерлік желілері, күту залы, кассасы, дәретханасы жаңғыртылды. Сондай-ақ заманауи қауіпсіздік жүйесі орнатылған.
Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
«Реконструкция барысында кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға және балалары бар жолаушыларға барлық қажетті жағдай жасалды. Жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен жайлылық деңгейі едәуір артты», деді әкім.