Ата заң • Бүгін, 16:31

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қостанай қаласының «IQostanay» орталығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Цифрландыру жылы» аясында ауыл жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Auyl Jastary» республикалық семинары өз жұмысын бастады. «Ауыл» партиясы ұйымдастырған бұл шара ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты жойып, жаңа буын мамандарының технологиялық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды

Семинардың мазмұны тек технологиямен шектелмей, еліміздегі Конституциялық реформалардың маңызына да бағытталды. Жаңа құқықтық архитектура аясында жастардың мемлекеттік басқару мен реформаларды іске асырудағы белсенділігі саяси сауаттылықты арттырудың негізгі факторы ретінде қаралды.                                 

Семинардың ресми бөлімін «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали ашты. Өз сөзінде ол елімізде жүріп жатқан ауқымды саяси жаңғыруларға тоқталып, Конституциялық реформалардың маңыздылығын ерекше атап өтті.      

Конституциялық реформа жастарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?                            

«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан Конституциялық реформалар − «Әділетті Қазақстанды» құрудың берік құқықтық негізі болды. Бұл өзгерістер тек заңнамалық жаңарту емес, бұл − азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласуына жол ашқан жаңа саяси мәдениеттің бастауы. Бүгінгі цифрлық дәуірде жастар осы реформалардың басты қозғаушы күші әрі белсенді қатысушысы болуы тиіс», деді Ғ.Құсманғали.                                                                                

Қатысушы ауыл жастары мен партия белсенділері еліміздегі Конституциялық реформаларды бір ауыздан қолдайтындарын мәлімдеді. Жастар бұл реформаны жаңа мүмкіндіктер мен демократиялық дамудың кепілі ретінде бағалап, «Әділетті Қазақстан» құру жолында белсенділік танытуға дайын екендіктерін жеткізді.                                                                               жастар

Қостанай облысы әкімінің орынбасары  Б. Нарымбетов пен партияның өңірлік филиал төрағасы Н. Өтеулин қатысушыларға сәттілік тілеп, қоғамдық жұмыста үздік шыққан бірқатар жастарды марапаттады.                                                       

Жиынның ерекше форматы ретінде жасанды интеллект өкілі − AiBatyr-дың алғы сөзі қатысушыларға цифрлық технологияның шынайы мүмкіндіктерін паш етті.    

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Семинардың сарапшылық блогында Дамир Мыңайдаров пен Наталия Абрамова жасанды интеллектінің күнделікті өмір мен кәсіпке әкелер пайдасын практикалық тұрғыда көрсетті.               

Алия Оразымбетова интернеттегі жеке деректерді қорғау және кибергигиена мәдениеті туралы дәріс оқыды.     

Эдгар Володькин цифрладыру үдерісіндегі заманауи ЖИ технологиялардың рөлін сараптады.

«Ауыл аманаты» жастарды қолдайды

Соңғы жаңалықтар