Әлем • Бүгін, 15:35

ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Тенерифе аралының тұрғындарын сабырға шақырып, хантавирус өршіген «Hondius» кемеге байланысты қауіптің төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?

ДДСҰ басшысы хантавирустың таралу жолы коронавирустан мүлдем өзгеше екенін баса айтты. Сондықтан арал тұрғындары мен туристер үшін жаппай індет қаупі жоқ.

Тедрос Гебрейесус эвакуациялау процесінің қауіпсіздік шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Кеме тұрғын аудандардан алыс орналасқан Гранадилья өнеркәсіптік портына тоқтаған. Оның айтуынша, жолаушылар жағаға арнайы күзетілген және герметикалық жабық көліктермен шығарылады. Жолаушылар ешкіммен байланысқа түспестен, бірден өз елдеріне чартерлік ұшақтармен жөнелтіледі.

Жаңа пандемия қаупі бар ма? Еуропада хантавирус жұқтыру деректері көбейді

Нидерландық «MV Hondius» кемесіндегі жағдай сәуір айының соңында басталған. Соңғы мәліметтер бойынш, 7 адам жұқтырған (2-уі расталған, 5-еуі күдікті), сондай-ақ 3 адам, яғни  нидерландық ерлі-зайыпты және Германияның Пассау қаласының 78 жасар тұрғыны қайтыс болған.

Алғашқы өлім жағдайы 21 сәуірде тіркелген соң, кеме мамыр айының басында Кабо-Верде жағалауында карантинге қойылды.

Айта кетерлігі, соңғы күндері кемеде инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар