Оқиға • Бүгін, 14:04

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында әйел адамды қағып өлтірген жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқан әйелдің артында 12 жасар баласы қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ресми түрде ұсталып, изоляторға қамалған. 

Оқиға орнындағы көршілер мен куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан әйел жалғызбасты ана болған және 12 жасар перзентін жалғыз өзі тәрбиелеп өсіріп отырған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде жол талғамайтын көліктің бұрылыс жасау кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы бейнежазба тараған болатын. Ауыр техника әйелді қағып қана қоймай, ол тоқтаған кезде де зардап шегуші көлік астында қалып қойған. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар