Президент • Бүгін, 17:39

Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы апта Қазақстанның сыртқы саясаты үшін маңызды оқиғаларға толы болмақ. Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келсе, Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. 

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. 

Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады. 

Соңғы жаңалықтар