Қоғам • Кеше

Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл шешім Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң қабылданды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді

Фото: ІІМ

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент қалалық полиция департаментінің жаңа басшысы ретінде Мұхтар Қожаевты таныстырды.

Мұхтар Қожаев 2023 жылғы желтоқсаннан бері ІІМ-нің Тергеу департаментін басқарған. Генерал-майор полиция саласында тергеушіден бастап министрліктің орталық аппаратындағы департамент басшысына дейінгі жолдан өткен, басқарушылық және тергеу тәжірибесі мол маман.

Ал бұрынғы департамент басшысы Президент тапсырмасымен жүргізілген тексеру мен Ішкі істер министрлігіндегі қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша қызметінен босатылды. Сондай-ақ бірқатар қызметкерге қатысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызметтік тексеріске не түрткі болды?

Қызметтік тексеріс Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты басталған. 11 қаңтар күні жас қыз пышақ жарақатынан көз жұмған. Деректерге сәйкес, қылмысқа дейін күдікті оған қоқан-лоқы көрсетіп, ізінен андыған. Марқұмның ата-анасы полицияға бірнеше мәрте арызданғанымен, сол кезде қылмыстық іс қозғалмаған.

Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды. Президент те жағдайға назар аударып, құқық қорғау органдарының әрекеттеріне принципті баға беру қажеттігін айтты және тергеудің әділ жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді

Жаңа басшы Мұхтар Қожаевқа қаладағы құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және полиция жұмысына деген сенімді қалпына келтіру міндеті қойылды.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50