Аймақтар • Кеше

Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Ainala»  емдеу – оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды

Бұл жерде денсаулығында кінараты бар 3-18 жас аралығындағы  балаларға медициналық, психологиялық және педагогикалық кешенді қолдау көрсетіледі.

Жыл сайын орталықта  шамамен 840 бала емдік-сауықтыру шараларынан өтпекші. Мұнда  күндізгі емдік курстарына арналған және жатып емделетін бөлімшелер, диагностикалық кабинеттер,  денешынықтыру залдары, тұз шахтасы, баланың  сезім мүшелерін дамытуға және мінез-құлқын реттеуге арналған сенсорлық және интерактивті жабдықтар, иммерсиялық ванна,  арнайы еңбек құралдарымен жабдықталған шеберханасы бар. Мекемеге бірнеше психолог, логопед, дефектолог және арнайы емдік-денешынықтыру жаттықтырушылары, невролог мамандар жұмысқа қабылданды.

Жоба «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның  Samruk Kazyna Trust корпоративті қайырымдылық қоры  мен «Baquatty Aimaq Qory» және Ақтөбе  облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында 6 мыңнан астам мүгедек бала бар.

Соңғы жаңалықтар