Қоғам • Бүгін, 10:47

Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жаңа деңгейге шығаратын маңызды бастама қолға алынды. Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмысын реттейтін қағидаларды әзірлеп, тиісті нормативтік құжатты қоғам талқысына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі

Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық банк басқармасы «Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» қаулының жобасын әзірледі. Құжатта жүйе шеңберінде көрсетілетін сервистердің түрлері, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ банктер мен өзге де қатысушыларды жүйеге қосу талаптары нақты айқындалған.

ЖИ мобильді аударымдарды талдап жатыр

«Осы жүйенің көмегімен клиенттер алушының телефон нөмірін ғана біле отырып, ақшаны басқа банктерге аудара алады. Кәсіпкерлер үшін банкаралық QR-кодты пайдалана отырып төлемдерді қабылдау кезінде әртүрлі банктердің бірнеше POS-терминалын орнату қажеттілігі жойылды. Сервис сатып алушыларға басқа банктердің пайдасына банкаралық QR-төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап қандай өзгерістер енеді?

Ұлттық банк өкілдері аталған қаулы қабылданған жағдайда қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі артып, банкаралық есеп айырысулардың жылдамдығы мен қолжетімділігі едәуір жақсаратынын атап өтті. Бұл өз кезегінде азаматтар мен бизнес үшін қаржылық операцияларды оңайлатып, цифрлы қызметтерді кеңінен қолдануға жол ашады.

Аталған құжат 19 ақпанға дейін «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғам талқысына ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38