Әлем • Кеше

АҚШ ирандық ұшқышсыз ұшу аппаратының көзін жойды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ күштері Арабия теңізінде Abraham Lincoln әуе тасымалдаушы кемесіне жақындаған ирандық «Shahed-139» ұшқышсыз ұшағын атып түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ ирандық ұшқышсыз ұшу аппаратының көзін жойды

Фото: Instagram, @ussabrahamlincolnofficial

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілі, әскери-теңіз күштерінің капитаны Тим Хокинстің мәлімдеуінше, дрон Abraham Lincoln әуе тасымалдашы кемесіне қарай ұшқан. Ол F-35C жойғыш ұшағы арқылы жойылған.

Оқиға салдарынан бірде-бір америкалық әскери қызметкер зардап шекпегені және әскери техникаға зақым келмегені атап өтілді.

Айта кетерлігі, бұл оқиға Вашингтон мен Тегеран арасындағы ядролық келіссөздерді ұйымдастыру талпыныстары жүріп жатқан сәтте болған.

АҚШ Иранға ескерту жасады: Трамптың ядролық мәмілесі орындала ма?

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп аймаққа америкалық кемелердің «армадасы» жіберілетінін мәлімдеген еді. Ол Иранды ядролық келісімге келуге шақырып, әйтпесе жаңа әрі қуатты соққымен қорқытқан.

2025 жылдың желтоқсан айының соңында Иранда экономикалық қиындықтарға байланысты жаппай наразылық акциялары басталды. Time журналының зерттеу деректеріне сәйкес, тек 8-9 қаңтар күндері Иранда 30 мыңға дейін адам қаза тапқан болуы мүмкін. Ал ел басшылығы 3117 адамның қаза тапқанын ресми түрде мойындаған.

Иран төңірегіндегі қауіп мұнай бағасын қайта қымбаттатты

Соңғы жаңалықтар