Ауа райы • 03 Ақпан, 2026

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 4 ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні тау асуларында түнде, ал күндіз кейбір аудандарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысында батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласының өзінде түнгі және таңғы уақытта көріну қашықтығы төмендейді.
Ұлытау облысының солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде де тұман басым. Желдің күшеюі әсіресе облыстың солтүстігі мен шығысында байқалады. Жезқазған қаласында да тұман болады.

Павлодар облысының солтүстік және шығыс аймақтарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде және таңертең тұман күтіледі, ал желдің екпіні күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавл қаласында да қатты жел мен көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, 5 ақпанда өңірде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр.

Ақтөбе облысында түнде қатты қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Көктайғақ пен тұман әсіресе орталық, оңтүстік және шығыс бөліктерде күтіледі.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында аздаған қар мен жаяу бұрқасын болады. Облыстың бірнеше ауданында тұман мен көктайғақ сақталып, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Абай облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысында да қар мен бұрқасын күтіледі, ал кей аймақтарда жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар