Оның түсіндіруінше, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы үстемдік пен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу, толықтыру және үйлестіру қағидаттарына негізделеді. Осыған орай, ұсынылып отырған Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты негізгі ережелер көзделді.
«Осылайша, 5-баптың 1-тармағы туралы қысқаша тұжырымдап айтсам, Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерден бас тартпайды, керісінше оны қолданылатын құқықтың, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрамдас бөлігі ретінде мойындайды», деп нақтылап өтті депутат.
Эльвира Азимова: Конституция стратегиялық қағидаттарды бекітеді
Яғни, Ата заң жобасында халықаралық шарттардың ел аумағында қолдану механизмі – заңдармен белгіленетіні қарастырылған. Бұл тұрғыда көздің қарашығындай қорғалатын ұлттық мемлекеттік егемендікті тікелей немесе жанама түрде шектеуге не әлсіретуге жол бермеу – негізгі міндеттердің бірі.
«Яғни, біз халықаралық міндеттемелерді қолданыстағы құқықтың бөлігі ретінде танимыз, оларды заң талаптарына сәйкес қолданамыз және оларды жариялаймыз, өйткені олар қоғамдық қатынастар субъектілері үшін міндетті жүріс-тұрыс ережелерін белгілейді», деп түсіндірді заңгер.