Фото: Қорғаныс министрлігі
Сапар барысында миссия қолбасшылығымен кездесу өтіп, оның шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау мандатын іске асыру мәселелері, өңірдегі ахуал мен Қазақстан контингентінің қызметі талқыланды.
Жоғары баға
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, БҰҰ миссия басшысы және БҰҰ бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштерінің қолбасшысы генерал-майор Анита Асма отандық бітімгерлердің қойылған міндеттерді сапалы орындағаны үшін алғысын білдіріп, олардың іс-қимылын, кәсібилігін, тәртібі мен үйлесімді әрекетін жоғары бағалады.
Қазақстанның ұлттық контингенті жедел әрекет ету бөлімшесінің функцияларын орындап, мобильді патрульдеуді жүзеге асырады, жедел әрекет ету топтарының дайындығын, медициналық эвакуациялауды және инженер-саперлердің ілесіп жүруін қамтамасыз етеді. Одан басқа бақылау бекеттерінде де міндеттер орындайды.
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер медальдармен марапатталды
Статистика
Миссияға қатыса бастағаннан бері ұлттық контингент 675, оның ішінде 500-ден аса патрульдеуді, жаттығу іс-шараларын өткізуді, жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру операцияларын, лектерді алып жүруді және уақытша бақылау бекеттерін қоюды орындаған.
Қазіргі уақытта Голан жоталарында Қазақстаннның 139 бітімгері қызмет етіп жүр.
БҰҰ миссиясының қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлермен кездесті