Аймақтар • 03 Ақпан, 2026

Батыс Қазақстан облысы активі жаңа Конституция жобасын қолдады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында облыс басшысы Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау жөніндегі алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысы активі жаңа Конституция жобасын қолдады

Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялы қауым, жоғары оқу орындарының ректорлары, бизнес-қауымдастық және БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімдері селекторлық режим арқылы қосылды.

Өңір басшысы жаңа Конституцияны қабылдау «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыру жолындағы маңызды әрі тарихи қадам екенін ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамашы болған конституциялық реформа еліміздің болашақ даму бағытын айқындайды. Конституциялық комиссияның жұмысы жария жүргізіліп, нәтижесінде халық назарына түзетулер жобасы ұсынылды. Ендеше ел тағдырындағы елеулі оқиғаға байланысты талқылаулар да терең, байыпты әрі сындарлы болуы маңызды», деді облыс әкімі.

58

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауов заң шығаруға бастамашылық ете алатын жаңа институт − Халық Кеңесінің құрылуы және арнайы заңмен реттелуі азаматтық қоғамның әлеуетін арттыратын батыл бастама екенін жеткізді.

Қазақстан Халық партиясының фракциясы елдегі конституциялық реформаны қолдады

Журналист, Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин вице-президентті өз өкілеттігін атқару кезеңінде ешқандай партияда болмауға міндеттеу саяси ұйымдардың тең даму жағдайын қамтамасыз етуге, өзара бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, ҚХП облыстық филиалының төрағасы Борис Лаврентьев мемлекет үшін аса маңызды мәселелерді халықтың талқысынан өткізудің батыл бетбұрыс екенін айтып, қоғам мүшелерін азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды.
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің проректоры Жанар Досқазиева азаматтардың жеке деректерін цифрлық ортада қорғау мәселесі негізгі құжатқа енгізілгені − Ата заңның уақыт талабына сай өзгергенін айғақтайтынын айтты.

«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата заң жобасын бірауыздан қолдады

Жиын соңында облыс әкімі жауапты органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Шерхан және Гамлет

Өнер • Бүгін, 15:25

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 15:02