Аймақтар • 02 Ақпан, 2026

Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жергілікті асфальтбетон төселді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстаудағы ірі жол-құрылыс жобалары жергілікті өніммен қамтамасыз етіліп келеді. «КаспийТасЖол» зауыты өндірген асфальтбетон Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жаңартуға жұмсалды. Осылайша әуеайлақ жабындары халықаралық талаптарға сай қайта төселді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жергілікті асфальтбетон төселді

Әуежайдан Ақтауға дейінгі тасжол да, Бекет ата жерасты мешітіне барар жол мен «Жетібай − Жаңаөзен» сынды бірнеше маңыздағы автожол да аталған зауыттың өнімдерімен салынды.

− «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақта орналасқан өндіріс ошағы 2014 жылы ашылған. Жарты жыл бұрын екінші өндірістік желі іске қосылып, қазіргі уақытта сағатына 210-220 тонна өнім шығарылады. Барлық материалдар мемлекеттік стандарттарға толық сәйкес келеді. Екінші өндірістік желіні іске қосу нарықтағы сұраныстың артуына байланысты жүзеге асырылды. Алдағы уақытта кәсіпорын өндірісті толық қуатқа шығарып, өңірдегі автожол құрылысы саласының дамуына және инфрақұрылым сапасын арттыруға өз үлесін қоса бермек, – деді зауыт директорының орынбасары Оңдаған Надиров.

Кәсіпорын 30 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отыр. Шебін жақын маңдағы карьерлерден, битум өңірдегі мұнай кәсіпорындарынан жеткізіледі.

Көлік министрлігі асфальтбетон зауыттарын тексерді

Кәсіпорынның арнайы экономикалық аймақта орналасуы логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп, өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етіп келеді.

Елімізде асфальтбетон қоспаларына қойылатын талаптар жаңартылады

Соңғы жаңалықтар