Фото: Ашық дереккөз
Алаяқ рәсімді жеделдету үшін UCH сервисінен келген СМС-кодты хабарлауды сұрайды. Осыдан кейін дереу жәбірленушіге өзін қаржылық мониторинг қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, оның атына барлық банктерде несие рәсімделіп жатқанын жеткізген.
Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяққа 20 млн теңгесін аударып қойған
Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел банктегі барлық қаражатын шешіп, оған қоса онлайн несие рәсімдеп, автокөлігін де кепілге қойған. Алданғанын түсінген әйел полиция департаментіне шағымданып, қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жәбірленушіге келтірілген шығын – 12 млн теңге.
Полиция департаменті алаяқтардың мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының атынан хабарласулары жиілеп кеткенін ескертеді. Сол үшін телефонға келген СМС-кодтарды және жеке деректерді бөгде адамдарға таратпау керек.