Ауа райы • 02 Ақпан, 2026

Ауа райының қолайсыздығы: Қай өңірлерде жолдар жабылды?

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдардың кейбір учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райының қолайсыздығы: Қай өңірлерде жолдар жабылды?

Фото: Depositphotos

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы 2 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

Батыс Қазақстан облысы

  • «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273–393 км аралығы (Барбастау ауылы – Жымпиты ауылы учаскесі);
  • «Атырау – Орал» автожолының 371–492 км аралығы (Чапаево ауылы – Орал қаласы учаскесі).

Қызылорда облысы

  • «РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1522–1806 км аралығы (№99 станциядан Қызылорда қаласына дейін).

Жолдардың ашылу уақыты алдын ала 2026 жылғы 2 ақпан сағат 12:00 деп жоспарланып отыр.

«Үшарал – Достық» жолы жабылды: Қозғалыс қашан жанданады?

Павлодар облысы

Көлік айрығының аралық құрылымының зақымдануына байланысты «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында («Қалқаман» айрығы – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығар жолда учаскесі) көліктің барлық түрі үшін уақытша қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ауыр таулы жағдайларға байланысты 2024-2025 жылдардың қысқы кезеңінде Осинов асуында жүк көліктерінің тіркемемен және жартылай тіркемемен қозғалысына шектеу қойылды. Шектеу 46–66 км аралығында (Северный ауылына бұрылыс – Серебрянск қаласына бұрылыс) қолданылады.

Соңғы жаңалықтар