Комитеттің хабарлауынша, оқиға түзеу мекемесіндегі екі сотталған адамның арасындағы жанжалдан болған. Сотталғандар бір камерада отырған. Жанжал барысында олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салған, алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.
Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шымкентте сотталғандарды азаптаған түзеу мекемесінің үш қызметкері қамауға алынды
Қазіргі уақытта тергеу және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мекемедегі ахуал тұрақты. Тергеу барысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының бақылауында.
Мемлекеттік құпияны жария еткен түзеу мекемесінің бастығына сот үкімі шықты