фото: Фото: Алматы әуежайының баспасөз қызметі
«Алматыдан Airbus A320neo ұшақтарының рейстері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр», деп мәлімдеді Air Astana компаниясы.
Жолаушыларға рейстердің мәртебесін алдын ала әуе компанияларынан нақтылап, әуежайдың ресми ресурстарындағы жаңартуларды қадағалау ұсынылады.
Айта кетейік, бұған дейін Астана – Балқаш бағытында әуе рейсі қайта ашылатынын хабарлаған едік.