Қоғам • 28 Қаңтар, 2026

Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяққа 20 млн теңгесін аударып қойған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

47 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы хабарласқан алаяққа бірнеше банктен 20 миллион теңгеге несие рәсімдеп берген.  Газбен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері ретінде хабарласқан  алаяқ есептегішті тексеру сылтауымен жәбірленушінің ұялы телефонына келген СМС-кодты сұраған,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяққа 20 млн теңгесін аударып қойған

Осыдан кейін Ұлттық банктің қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлері ретінде таныстырған бірнеше белгісіз адам  хабарласып, «ақша қаражатын алаяқтардан сақтау үшін «айна несие» рәсімдеуді ұсынады. Жәбірленуші сол жерде бірнеше банктен несие рәсімдеп, автокөлігін кепілге қойып, қаскөйлер көрсеткен шотқа 20 миллион теңгеден астам қаражат аудаған. Алданғанын кеш білген әйел полиция департаментіне шағымданды.  

Алаяқтар әдетте қандай сөз тіркестерін қолданады?

Қазіргі уақытта алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті   мемлекеттік органдар, банктер және коммуналдық мекемелерқызметкерлері WhatsApp не телефон арқылы хабарласып   СМС-кодтарды сұрамайтындарын,телефон арқылы несие рәсімдеуді ұсынбайтындарын ескертеді. Белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға жүгіну қажет.                                   

Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді             

Соңғы жаңалықтар