Футбол • 28 Қаңтар, 2026

УЕФА Темірлан Анарбековты Мбаппе мен Холандтың қатарына қосты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Чемпиондар лигасының Instagram-дағы ресми парақшасы жалпы кезеңнің үздік футболшылар топтамасын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

УЕФА Темірлан Анарбековты Мбаппе мен Холандтың қатарына қосты

Фото: «Қайрат» ФК

Мбаппе, Эрлинг Холанд, Харри Кейн және Витинья секілді есімдері әлемге әйгілі футболшылар бар тізімге Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков те енді.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, бірнеше рет үздіктер топтамасынан табылды. Ол Чемпиондар лигасының алтыншы турынан кейінгі статистика бойынша ең жоғары рейтингке ие болған футболшылардың тізімінде көш бастады.

Сондай-ақ Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды.

«Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы аясындағы соңғы матчын 28 қаңтар күні Англияның әйгілі «Арсенал» командасына қарсы өткізеді. Лонданда өтетін матчқа «Қайрат» 25 қаңтар күні аттанды. Аталған құрамалар арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 29 қаңтарға қараған түні сағат 1:00-де басталады.

 

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38