Фото: kazakhtourist.kz
Bloomberg журналының жазуынша, Алматы басқа туристік бағыттармен салыстырғанда сапар уақытының ұзақтығымен ұтады. Кейбір елдерге тревел-сарапшылар тек белгілі бір үш-төрт айда, көбіне жаз мезгілінде баруды ұсынады. Ал Алматыда жылдың сегіз айында тамаша туристік мүмкіндіктер бар: қыста – шаңғы және тау-шаңғы спорты, көктем мен күзде – белсенді таулы экотуризм.
Маңғыстау облысы шетелдік туристерді ең көп тартатын өңірлердің үштігіне енді
Жылына екі рет, қаңтар және шілде айларында, Ұлттық статистика бюросының мамандары вокзалдар мен әуежайларда елден кетіп бара жатқан туристер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді. Өткен жылы бұл сауалнамаларға шетелден келген 24 мыңнан астам саяхатшы қатысқан. Мұндай іріктемелі зерттеулер Қазақстанға келетін шетелдік туристердің жалпы портретін жасауға мүмкіндік береді.
Олардың жартысынан астамы – 25 пен 44 жас аралығындағы жастар. Әрбір екінші респондент − Ресейден келген турист. Орта есеппен шетелдік қонақтар Қазақстанға төрт күнге келеді. Олар кейбір өңірлерде ұзағырақ болуы мүмкін. Мысалы, Алматыда – алты күн, Маңғыстау облысында – жеті күн.
Айта кету керек, Bloomberg ұсынған ең тартымды локациялар тізімінде Орталық Азия мен ЕАЭО елдерінен Алматыдан өзге қала жоқ.
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен