Фото: Ақорда
Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңестің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ұсыныс білдіргені хабарланған.
Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеген еді.
Қазір Аргентина, Мажарстан, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия елдері кеңеске мүше болуға шақырту алғандарын растап, оны қабылдағандарын жария етті.
Айта кетейік, Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамппен, Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған.
Сондай-ақ күні кеше Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент дипломатияның жауапкершілігі мен халықаралық шешімдердің салмағына арнайы тоқталды.