Медицина • 16 Қаңтар, 2026

Былтыр қанша медицина қызметкері біліктілігін арттырды?

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының мамандары – 1 165 мейіргер және 553 жалпы практика дәрігері, яғни 1 700-ден астам қызметкер оқытудан өткен, деп жазады Egemen.kz.

Былтыр қанша медицина қызметкері біліктілігін арттырды?

Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сонымен қоса жоғары оқу орындары мен колледждердің 1 108 оқытушысын оқыту маңызды нәтиже болды, бұл қазіргі заманғы даярлық стандарттарының тұрақты таралымын қамтамасыз етеді. Оқытудың басым бағыттары бойынша олардың санын нақты айтып өтсек, кеңейтілген практика мейіргерлерін даярлау – 173, медициналық ұйымдарды аккредиттеу – 213, пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру – 69, созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын енгізу – 5 өңірде 203 маман, заманауи симуляциялық технологияларды қолдану – 12 өңірде 553 маман оқытылған.

Аталған іс-шараларды іске асыру мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес келеді, кадрлық әлеуетті нығайтады, мамандардың тапшылығын азайтады және медициналық көмектің сапасын, әсіресе шалғай өңірлерде арттырады.

Дәрігерлер қауіпсіздігіне кепілдік беретін заң қабылданды

Соңғы жаңалықтар

Қаратау қазынасы қисапсыз емес

Экономика • Бүгін, 08:55

Агросаладағы ауқымды жобалар

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Мұғалім жұмыссыз қалмайды

Қоғам • Бүгін, 08:37

Ақ зер әлемнің алтын тілләсі

Басылым • Бүгін, 08:25