Бұған дейін ойындар тізімінде көкпардың болмауы қоғамда кеңінен талқыланған еді.
«Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, Қырғызстандық әріптестермен талқылай келе осындай шешімге қол жеткіздік. Көкпар да, көк бөрі де қазақ пен қырғыздың ұлттық болмысын айқындайтын негізгі спорт түрі. Бұл - тек ойын емес, ұрпақтар сабақтастығы, ортақ мәдени код. Сондықтан мұндай халықаралық жарыстарда спорт достық пен бірліктің көрінісіне айналуы керек», деді А.Қожаназаров.

Былтыр сайыстардың тізімі шыққанда қазақтың көкпары Көшпелілер ойындары бағдарламасына енбеген еді, тек көкбөрі болған. Бұл басқа қатысушы елдер үшін де маңызды. Себебі көкпар ойыны Қазақстаннан бөлек ойынға келетін Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан сияқты бірқатар елдерде де кеңінен таралған.
VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындары 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтеді. Жарыс бағдарламасына 43 ұлттық спорт түрі бар. Этноспорт аламанына шамамен 100-ге жуық елден спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.
Ұлттық спорт түрлері: көкпар мен қыз қуу әлемде қалай насихатталып жатыр