Әскер • 15 Қаңтар, 2026

Алматы облысында оқу полигонында сарбазға оқ тиіп, жарақат алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы 5571 әскери бөлімнің оқу полигонында 13 қаңтар күні оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қауіпсіздік шараларын бұзып, өз аяғына оқ атып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында оқу полигонында сарбазға оқ тиіп, жарақат алды

Бұл туралы Ұлттық ұлан ресми түрде хабарлады.

Сарбаз АК-74 автоматынан сол аяғына жанай тиген оқ жарақатын алған. Оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда сарбаздың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бас прокуратура Шымкентте көз жұмған сарбаз туралы пікір білдірді

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақ сарбазы АҚШ-та өткен «Best Warrior» байқауында рекорд орнатты

Соңғы жаңалықтар