Жұмыс • 14 Қаңтар, 2026

Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады. Президент тапсырмасы аясында қолға алынған игі жоба алдағы жазда толық аяқталып, әуежай ел игіліне қызмет ете бастайды, деп жазады Egemen.kz.

Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

 

Осыған орай, қалалық мәдениет үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға қала әкімі Әмірхан Асанов,  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайының басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Ысқақов қатысты.

 «Жоспар бойынша алғашқы ұшақтар Алматы, Астана, Қостанай бағыттары бойынша ұшады. Яғни, әуежай бизнес, білім беру, туризм және жолаушылар қатынасының жаңа белеске көтерілуіне жол ашады. Арқалықтың транзиттік әлеуеті артып, өңір дамуына оң серпін беретін жаңа мүмкіндіктер пайда болады», деді қала әкімі.

«Bloomberg»-те жұмыс істейтін қазақ қызы алпауыт компанияға қалай жұмысқа орналасты?

Жасұлан Ысқақов Арқалық әуежайы іске қосылған соң, қала тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру тұрғысынан да мол пайда әкелетінін айтты.

«Бүгінгі бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесінде көптеген азаматтар тұрақты жұмысқа орналасады.  Әркім өзіне қолайлы жұмыс тауып, алдағы жазда ашылатын әуежайдың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне үлес қосатын болады», деді Ж.Ысқақов.

Іс-шара барысында арнайы мамандар жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін қабылдап алды. Үміткерлердің бәрі арнайы тексеруден өтеді. Жұмысқа қабылданғандар Қостанай әуежайына оқу курстарына жіберілетін өтетін болады.

«Екі-үш жылдан бері тұрақты жұмысым жоқ, әр жерде жалданып нәпақа тауып жүрмін. Біраз жыл Арқалықтағы Торғай боксит кен басқармасында арнайы техника жүргіздім. Вахталық жұмыста болдым. Бүгін жүргізуші ретінде құжат тапсырдым. Өйткені әуежайға да тәжірибелі жүргізушілер керек», дейді қала тұрғыны Берік Әменғалиұлы.

 Meta Қазақстан бойынша салынатын контентпен жұмыс істейтін қызметкер іздеп жатыр

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар