Оқиға • Бүгін, 17:57

Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды

1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойындарға әуестенгені үшін қызметінен босатылды. Бұл дерек прокуратура жүргізген тексеріс барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды

Фото: Pexels

Ақсу аудандық прокуратурасының мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау кезінде мемлекеттік органдардың бірінің қызметкері құмар ойындарға тұрақты түрде қатысып келгені белгілі болған. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге мұндай әрекетке тыйым салынған.

Қадағалау органы мұндай қылық мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық ретінде бағаланатынын атап өтті. Прокурорлық қадағалау актісінен кейін аталған қызметкер лауазымынан босатылып, жұмыстан шығарылған.

Атырауда бүлдіршінді тепкен тәрбиеші жұмыстан қуылды

Прокуратура өкілдері мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер заң талаптарын қатаң сақтап, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуі қажет екенін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан қуылған.

Соңғы жаңалықтар