Қоғам • Бүгін, 18:38

Клубтан шыққан даулы бейне: жартылай жалаңаш әнші бұзақылығы үшін жазаланады

1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Клубтан шыққан даулы бейне: жартылай жалаңаш әнші бұзақылығы үшін жазаланады

Фото: Almaty_police

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері клубта өзін әнші ретінде танытқан азаматтың бейәдеп қылық жасап, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқандығын анықтады. Оның әдепсіз видеосы әлеуметтік желілерде тарағаны көрсетілген.

Бұл факт бойынша құқық ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Полиция департаменті мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және қоғамды құрметтемеудің тікелей көрінісі екенін атап өтті. Мәртебесі мен жариялылығына қарамастан, әркім қоғамдық орындарда заң мен мінез-құлық нормаларын сақтауға міндетті.

Соңғы жаңалықтар