Фото: gov.kz
Құқық бұзушылар 6 мыңнан астам
Спикердің айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген жаңа бап есірткі бизнесіне қарсы күрес шараларының бір бөлігіне айналған.
«2025 жылдың наурыз айынан бастап есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтыну үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Осы кезеңде 6 мыңнан астам құқық бұзушы жауапқа тартылды. Бұл шара профилактикалық нәтиже беріп отыр», деді Мейірхан Данияр.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жоспары бекітілді
Айыппұл мөлшері аз емес
Айта кетейік, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін жауапкершілік ӘҚБтК-нің 440-1-бабында көзделген. Егер бұл әрекет қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, жеке тұлғаға 40 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы – 173 мың теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылады.
Егер дәл осындай құқық бұзушылық 1 жыл ішінде қайталанса, жауапкершілік күшейтіледі: 80 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы – 346 мың теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.
Алматыда есірткі бизнесіне қатысы бар 6 мыңнан астам банк картасы бұғатталды
Синтетикалық есірткі өндірісі азайған
Сонымен қатар, комитет төрағасы есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық жауапкершіліктің, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдатылуы Қазақстан аумағында синтетикалық есірткі өндірісінің азаюына әкелгенін атап өтті. Оның сөзінше, кейбір жасырын өндіріс орындары көршілес елдерге көшкен.
ІІМ синтетикалық есірткілердің тапшылығы мен бағасының өскенін тіркеп отыр. Бұрын олардың бағасы шамамен 25 мың теңге болса, бүгінде 35 мың теңгеге дейін қымбаттаған.
«Синтетикалық есірткілердің бағасы қымбаттап, тапшылық байқалады. Оларды тасымалдау тұрғысында іркілістер жиі болып отыр. Бұл – өндіріс, логистика және тарату арналарына жасалған соққылардың тікелей нәтижесі», деді Мейірхан Данияр.
Бас прокуратурада есірткі бизнесінің жаһандық сын-қатерлерін талқылады