Елорда • 12 Қаңтар, 2026

Астанаға қалың қар түсті: тазалау жұмыстарына 3 мың адам жұмылдырылды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен түні Астанаға қалың қар түсіп, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, түнде қала аумағынан 18 мың текше метр қар қоқыс алаңдарына шығарылған, деп жазады Egemen.kz.

Астанаға қалың қар түсті: тазалау жұмыстарына 3 мың адам жұмылдырылды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бүгін таңертең қарды тазалау жұмыстарына 3000 жұмысшы мен 2000 техника жұмылдырылған. 

«Ең алдымен коммуналдық қызметкерлер негізгі тасжолдар мен қоғамдық көлік бағыттарын тазалап жатыр. Осыдан кейін олар аулаларды, алаңдарды, жаяу жүргіншілер жолы мен автобус аялдамаларын тазалайды. Жолдарға техникалық тұз себіледі», делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Астанадағы LRT-ға қандай мамандар қажет: компания іріктеу жариялады

Ал үй аулаларындағы қарды тазалауға мүлік иелері бірлестігі жауапты. 

Бұған дейін қыс басталғалы Астанадан 2 млн текше метрден астам қар шығарылғанын хабарлағанбыз.

Еске салайық, Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды.

Соңғы жаңалықтар