Фото: olympic.kz
Отандасымыз турнирдің жекелей сынында топ жарып, финалда италиялық Лоренцо Музеттиден басым түсті.
Шешуші кездесу 7:6, 6:3 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Бублик қатарынан өткен бес финалда жеңіске жетіп отыр. Осы нәтижесінің арқасында ол мансабында алғаш рет ATP рейтингінің ТОП-10 қатарынан көрінді.
Гонконг турниріндегі жеңіс Александр Бубликке 106 460 доллар және 250 рейтингтік ұпай әкелді. Ал оның қарсыласы Лоренцо Музетти 62 115 доллар пайда тауып, 165 ұпай жинады.
Айта кетейік, Александр Бублик 2025 жылғы бір маусымда 34 рет жеңіске жетті.
Уимблдон турнирінде де бақ сынады.