Әлем • 10 Қаңтар, 2026

Зеленский Трамппен Украина мен АҚШ арасындағы еркін сауда туралы келісімді талқылады

11 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен Украина мен Америка Құрама Штаттары арасындағы еркін сауда туралы келісімді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зеленский Трамппен Украина мен АҚШ арасындағы еркін сауда туралы келісімді талқылады

Ақпаратқа сәйкес, келісім жекелеген өнеркәсібі дамыған өңірлер үшін АҚШ-пен саудада нөлдік кедендік баж салығын енгізуді көздейді.

Сонымен қатар Украинаны қалпына келтіруге арналған 800 млрд АҚШ долларына дейінгі ауқымды келісім дайындалып жатыр. The Telegraph жазуынша, қаражат он жыл ішінде тартылып, елдің инфрақұрылымын қалпына келтіруге және экономикалық өсімді іске қосуға бағытталмақ.

Ресей үш жылда Украина аумағының қанша бөлігін басып алды?

Екі келісімге де қол қою Давоста өтуі мүмкін, оған Зеленский мен Трамптың қатысуы жоспарланып отыр.

Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро аударады.

Бұған дейін Трамп ұсынған бейбіт жоспар аясында Украинаға арналған АҚШ басқаруындағы қалпына келтіру қоры қарастырылған болатын. Ол қорға 100 млрд доллар көлеміндегі бұғатталған ресейлік активтер және Еуропалық одақтан 100 млрд доллар бағыттау ұсынылған.

Вашингтонда қор АҚШ басқаруында болған жағдайда оның жалпы көлемі 800 млрд долларға дейін ұлғаюы мүмкін екені айтылған.

Бұған дейін Украинаға қандай қауіпсіздік кепілдігі берілуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38