Туризм • 09 Қаңтар, 2026

Алматы тауларына турист тартуды тәулігіне 5 есеге көбейту көзделіп отыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларының туристік әлеуетін 5 есеге, яғни тәулігіне 30 мың адамға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы тауларына турист тартуды тәулігіне 5 есеге көбейту көзделіп отыр

2018 жылдан бері ұлттық саябаққа келушілер саны 4,5 есеге, ал «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына келушілер легі 2,5 есеге өсіп, жылына 1,5 млн адамға жеткен. Бұл өз кезегінде Алматының таулы аумақтарға айтарлықтай салмақ салады.

Жаңа Алматы тау кластері туристер санын теңшңп, табиғатқа түсетін салмақты азайтуға, бағыттардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған басқарылатын инфрақұрылымды көздейді.

Сондай-ақ, кластердің жыл бойы жұмыс істеуі жоспарланса, қыста – тау шаңғы демалысы, жазда – хайкинг, экосоқпақтар мен велобағыттар қарасты рылған. Аумақтың едәуір бөлігі кез келген адамға қолжетімді күйінде қалады, ал барлық жобалық шешім экологиялық талаптарды сақтай отырып және қоғамдық талқылаулар арқылы жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар