Әлем • 08 Қаңтар, 2026

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартып, қолма-қол ақшасыз төлемдерге өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Фото: timeoutdubai.com

– Дубайдағы мемлекеттік және жеке секторлардағы барлық төлемнің 90%-ы 2026 жылдың соңына қарай қолма-қол ақшасыз болады, – деп хабарлады Дубай үкіметінің баспасөз қызметі. 

Қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу стратегиясы алғаш рет 2024 жылы жарияланды.

Ол банкноттар мен монеталарды алып тастауға және Дубайды қолма-қол ақшасыз қалаға айналдырудың ауқымды мақсатын жүзеге асыруға бағытталған.

Бұл мақсатты жүзеге асыру құралдарына банк және басқа да қосымшалар, карталар және болашақта – цифрлық төлем саласында ЖИ негізіндегі инновациялар кіреді. Әмірлік билігі Дубайдың қаржылық инновациялардың жаһандық орталығы және цифрлық экономикадағы жаһандық көшбасшы ретіндегі орнын нығайтуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Ширек ғасыр шекара шебінде

Мереке • Бүгін, 21:00