Футбол клубы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, келісімшарт мерзімі аяқталған ойыншылар қатарында Нұрдәулет Байбосынов, Нұрдәулет Орынбасар, Дмитрий Рыжук, Василий Совпель, Вадим Яковлеев, Данияр Орда, Карим Смыков, Вадим Афанасенко, Қыбырай Ескендір, Әлішер Сүлейменов, Цветелин Чунчуков пен Лука Згурский бар.
«Футболшыларға командаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. Келісімшарттағы міндеттемелердің аяқталуына байланысты қоштасамыз. Ойыншыларға алдағы мансабында табыс тілейміз», деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін «Тобыл» футбол клубының атауы толық қазақшаланғанын жазған едік.