Әлем • 29 Желтоқсан, 2025

Тайвань айналасы қоршауға алынады: Қытай ертең әскери дайындықты бастайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Тайвань аралының айналысында бес бірдей аймақты қоршап, ауқымды әскери дайындығын бастайтынын жариялады. 30 желтоқсанға жоспарланған бұл шараға құрлық, теңіз, әуе және зымыран әскерлерінің бөлімшелері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тайвань айналасы қоршауға алынады: Қытай ертең әскери дайындықты бастайды

Фото: Ашық дереккөз

Reuters агенттігінің мәліметінше, жаттығу барысында әуе мен теңіз кеңістігін патрульдеу және жоғары жауынгерлік дайындық деңгейі пысықталады. Осыған байланысты арал маңындағы бес аймақта 10 сағат бойы көлік қатынасына шектеу қойылмақ. Бұл 2022 жылдан бергі алтыншы ірі әскери дайындық.

Аймақтағы жағдай Жапония мен Қытай арасындағы дипломатиялық текетірестен кейін тіпті ушыға түсті. Қараша айында Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи Тайваньға шабуыл жасалса, Токионың ұжымдық қорғаныс құқығын қолдануы мүмкін екенін айтқан болатын. Бейжің бұл мәлімдемеге қатаң наразылық білдіріп, Жапонияға ықтимал салдарлар туралы ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар