Фото: sportm.kz
OKTAGON MMA 81 турнирінде Жалғас Жұмағұлов маусым айында жеңіп алған атағын алғаш рет қорғауға шықты. Тәжірбиелі ММА шебері Давид Дворакпен өткен тартысты жекпе-жек Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды.
Отандасымыздың чемпион екеніне қарамастан спорт сарапшылары Давид Дворакты кездесу фавориті деп таныған болатын.
Дегенмен чех файтері төртінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жеңіс Жалғас Жұмағұловтың есебіне жазылды.
Осылайша, Жұмағұлов он тоғызыншы жекпе-жегін сәтті аяқтаса, Давид Дворак спорттық мансабында жетінші рет жеңіліске ұшырады.
Қараша айында UFC-де өнер көрсететін отандасымыз Асу Алмабаев UFC Fight Night 265 турнирінде америкалық Алекс Пересті жеңген еді.
Енді Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе дивизионның үздік бестігіне енуі ықтимал.