Экономика • 26 Қараша, 2025

Бірыңғай QR: POS-терминалды ауыстыру қажет пе?

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бірыңғай банкаралық QR жүйесі іске қосылғанымен кәсіпкерлер POS-терминалды ауыстыруға міндетті емес. Бұл туралы Ұлттық төлем корпорациясының төлем жүйесін дамыту департаментінің директоры Райымбек Шаймерденов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірыңғай QR: POS-терминалды ауыстыру қажет пе?

Фото: Ашық дереккөз

Оның мәлімдеуінше, кәсіпкерлер бұрынғы POS-терминалдарын пайдаланып, жұмысын жалғастыра береді. Ал банктер құрылғыларды қашықтан жаңартып, жүйенің жаңа талаптарына сәйкестендіреді. 

Департамент директоры сондай-ақ жүйенің қауіпсіздігіне тоқталды. QR-код екі есе шифрланған және тек банк домені мен транзакция идентификаторын қамтиды. Төлем реквизиттері QR-кодта көрсетілмейді, сондықтан жеке деректердің ұрлану қаупі жоқ.

«Жаңа жүйе кәсіпкерлер үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз, банкаралық деңгейде төлем қабылдауға мүмкіндік береді», деп түйіндеді Шаймерденов.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38