Әлем • 05 Қыркүйек, 2025

Ауғанстанда тағы жер сілкінді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы 5 қыркүйек таңғы сағат 06:30-да (Астана уақыты бойынша) Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауғанстанда тағы жер сілкінді

Фото: aa.com.tr

ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, зілзаланың эпицентрі 34,67° солтүстік ендік пен 70,77° шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы 5,2, энергетикалық класы K=13,0, тереңдігі 142 км болды.

Бұған дейін, 4 қыркүйек күні сағат 21:56-да (Астана уақыты) дәл осы өңірде тағы да жер сілкінісі болған еді. Оның магнитудасы 5,7, энергетикалық класы K=13,8, тереңдігі 92 км деп көрсетілген.

Айта кетейік, 1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда магнитудасы 6,0 жер сілкінісі тіркелген болатын. Бұл апат елдегі соңғы жылдардағы ең жойқын зілзалалардың бірі болып, мыңдаған адамға қайғы әкелген.

Одан кейін 2 қыркүйекте магнитудасы 5,5 жер сілкінісі құтқару жұмыстарын қиындатып, таулардан тас құлап, шалғайдағы ауылдарға апаратын жолдарды жауып қалған еді.

Ресми мәлімет бойынша, апаттан қаза тапқандардың саны 2200 адамнан асқан.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38