Оқиға • 08 Шілде, 2024

Оралда екі бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім болғандай, екі оқиға да 7 шілдеде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда екі бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болды

Фото: Kazinform

«Сағат 22.50-де 5-ші қабаттағы терезеден 5 жасар бала құлап, жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлім етті ведомство.

Сол күні сағат 13.11-де 4 жасар ұл баланың үшінші қабаттан құлап кеткені тіркелген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген бала травматология бөлімшесіне жатқызылған. Жағдайы орташа ауыр. Қажетті ем алып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38