
Әлемнің 42 елінен 1000-нан астам спортшылар жиналған байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 194 үздік спортшы ел намысын қорғайды.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Халықаралық Джиу-джитсу федерациясының президенті Теодоропулос Панайотис, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР джиу-джитсу қауымдастығының президенті Қуат Сағиев қатысты.
«Бүгінгі таңда джиу-джитсу спорт түрі елімізге келгеніне аз уақыт болса да, кейінгі екі жылда үлкен жетістіктерге жетті. Оған дәлел, JJIF ( Джиу Джитсу Халықаралық Федерациясы) әлемдік деңгейде осы спорт түрін дамытуда үлкен үлес қосқаны үшін, Қазақстандағы джиу-джитсу спорт түрін дүниежүзінде екінші орын деп таныды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қамқорлығының арқасында елімізде отандық спортқа аса үлкен көңіл бөлінеді. Соның нәтижесінде, бүгінде отандық джиу-джитсушылар әлем біріншіліктерінде жоғары нәтижемен қуантуда», деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
Дүбірлі дода 25 тамызға дейін Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалғасады. Чемпионаттың ақтық белдесулері «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Спорт • 22 Тамыз, 2023
Астанада алғаш рет джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Астана қаласында алғаш рет джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасында 14-21 жас санаттары бойынша әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматы қаласында өтеді
Спорт • Бүгін, 20:50
Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс
Ата заң • Бүгін, 20:35
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды
Ата заң • Бүгін, 19:34
Үнзила Шапақ: Әйелдердің үні Конституциялық комиссия жұмысында толыққанды естіледі
Ата заң • Бүгін, 19:14
Жаңа Конституция – халық талқысында
Ата заң • Бүгін, 19:00
Қазақстан Халық партиясы өңірлерде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:45
Президент Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:30
Жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеу туралы норманы енгізу ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 18:15
Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Ата заң деңгейінде бекітуді ұсынды
Ата заң • Бүгін, 17:54
Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады?
Ипотека • Бүгін, 17:50
Жандос Өміралиев: Күдіктіні дереу оқшаулау − құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеті
Ата заң • Бүгін, 17:45
Қоғам • Бүгін, 17:38