Денсаулық • 04 Наурыз, 2023

Қазақстанға коронавирусқа қарсы «Комирнати» вакцинасы әкелінді

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға коронавирусқа қарсы «Комирнати» вакцинасының 500 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға коронавирусқа қарсы «Комирнати» вакцинасы әкелінді

Денсаулық сақтау министрлігі Словакия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен «Комирнати/Омикрон» (Пфайзер) вакцинасының 500 мыңнан астам дозасын өтеусіз негізде жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, вакцина бүгін түнде Қазақстанға келді.

Өндірушінің нұсқауларына сәйкес, «Комирнати/Омикрон» вакцинасы бұрын коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың бастапқы толық курсын алған 12 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін ғана ұсынылады.

«Комирнати/Омикрон» вакцинасы - бұл коронавирус штамының жаңа нұсқаларын ескере отырып жаңартылған және құрамында Omicron BA 4 және BA.5 субварианттары бар вакцина. Елге келгеннен кейін «Комирнати/Омикрон» вакцинасы өңірлер бойынша таратылады және коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау үшін қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында вакцинацияның толық курсын алу, сонымен бірге халықты ревакцинациялау үшін «КазВак» (ҚР), «Синофарм» (Қытай), «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) вакциналары бар.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37