Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2022

БҚО-да метанол өндіретін газ-химия кешені салынады

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев CITIC Construction Co Ltd. және China Huanqiu Contracting & Engineering (Shanghai) Co., Ltd. компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО-да метанол өндіретін газ-химия кешені салынады

Кездесу барысында Zhaik Petroleum LTD қазақстандық компаниясы мен қытайлық компания арасында EPC-келісімшартқа (бұл жобалау, сатып алу және құрылысты қамтитын келісімшарт) қол қойылды. Осы келісімшарт арқылы Батыс Қазақстан облысында өнімділігі 130 мың тонна метанол өндіруге қауқарлы газ-химия кешенін салу көзделіп отыр.

«Еліміздің тарапы бұл жобаны табысты іске асыру мақсатында қажетті қолдауды көрсетуге дайын. Қазір «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның даму институттарымен бірлесіп, осы жобаны қаржыландыру бойынша тиісті жұмыстар басталды. Өз тарапымыздан жобалау мен құрылысты жүзеге асыру, сондай-ақ жобаны сәтті іске асыру үшін қажетті жабдықтарды жеткізу жөніндегі жоспарларыңызды құптайтынымызды айтқымыз келеді», деді Қайырбек Өскенбаев.

Осы ретте құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде 500-ге жуық жұмыс орны, сондай-ақ кешен іске қосылғаннан кейін 220 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны – 140 млн доллар.

Аталған газ-химия кешені 2024 жылдың аяғына қарай іске қосылмақ. Бұдан кейін құны 200 млн долларға аммиак пен карбамидті шығаруға байланысты жобаның екінші кезеңі іске асырылады деп қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38