Әлем • 08 Қыркүйек, 2022

Ресей Румыния елшісін елден шығарады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Румыниялық дипломатты елден шығару туралы шешім Ресей Сыртқы істер министрлігінің сайтындағы мәлімдемеде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей Румыния елшісін елден шығарады

Сыртқы істер министрлігі Румынияның Ресей Федерациясындағы уақытша сенімді өкілі Константин Ионитаны шақырып, оған тиісті нотаны тапсырғанын хабарлады. 

«Бұл ісіміз Бухаресттегі Ресей елшілігінің дипломатын «персона нон грата» деп жариялау туралы румын тарапының негізсіз қабылдаған шешіміне жауап»,  деді министрлік. 

Еске салсақ, 19 тамызда Румыния үкіметі Бухаресттегі Ресей елшілігі қызметкерлерінің бірін елден шығаратынын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар

Қаратау қазынасы қисапсыз емес

Экономика • Бүгін, 08:55

Агросаладағы ауқымды жобалар

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Мұғалім жұмыссыз қалмайды

Қоғам • Бүгін, 08:37

Ақ зер әлемнің алтын тілләсі

Басылым • Бүгін, 08:25