Қоғам • 27 Сәуір, 2022

Қазақстан мұнайды Грузия арқылы тасымалдайтын болады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстан Грузия арқылы 2-3 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мұнайды Грузия арқылы тасымалдайтын болады

Грузияның экономика және тұрақты даму министрлігінің мәліметінше, вице-премьер, экономика министрлігінің басшысы Леван Давиташвили Қазақстан Президентінің арнайы өкілі Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық делегациямен кездесті.

Қос тарап Грузия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мәселелерді талқыға салып, бұл салаларда екі елдің әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

«Қазақстандық тарап грузин дәлізі бойынша жүк айналымын ұлғайтуға мүдделі. 2022 жылы Қазақстан Грузин дәлізі бойынша 2-3 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттырмақ», деп жазылған хабарламада.

Кездесуде Грузияның көлік инфрақұрылымы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен Еуропаға жүк тасымалдауға барынша дайын екені айтылды.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38