Теннис • 15 Ақпан, 2022

Александр Бублик Доха турнирінің екінші айналымына шықты

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында Доха ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик Доха турнирінің екінші айналымына шықты

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 183-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликпен өткізді.

Бірінші партияда екі брейк жасаған А.Бублик басымдылық танытты – 6:2. Қазақстандық спортшы екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен словакиялық теннисші таразы басын теңестіре алды – 3:3. Бірақ матчты А.Бублик жеңіспен тәмамдай алды – 6:4. 1 сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында ол 7 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Қазақстандық теннисші жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 61-ракеткасы, франциялық Артур Риндеркнехпен таласады.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37